Атырауда теннис орталығы сатылымға шығарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 2016 жылдың соңында пайдалануға берілген теннис орталығы кейін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру үшін сатылымға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конкурстың шарттары Электронды сауда алаңында жарияланды . Облыстық қаржы басқармасының ақпаратына сәйкес, нысанды қоғам игілігі үшін облыс аумағында теннис спортын дамыту және осы спорт түрімен шұғылданатындардың оның ішінде, жергілікті балалар мен жасөспірімдердің, жастардың санын арттыру мақсатында пайдалану керек.

«Нысанның жалпы аумағы – 4 887,5 шаршы метр, жер учаскесі – 2,1 мың гектар, 156 түрлі 817 мүлкі бар. Бастапқы баланс құны – 1 514 565 725,37 теңге», делінген ақпаратта.

Теннис орталығын сенімгерлік басқаруға алатын иесі 30 шілдеде анықталады. Қазір құжат қабылдау жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар