Атырауда Теңіз кеніші мен барлық ауданда коронавирус жұқтырғандар анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысындағы Теңіз кеніші мен барлық ауданда коронавирус жұқтырғандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 7 аудан бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте өңірдегі аудандардың бәрінде, сондай-ақ Теңіз кенішінде 107 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 27-сі Атырау қаласында тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде - 59 жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 4, Қызылқоғада – 1, Индерде – 3, Махамбетте – 2, Исатайда – 1, Мақатта – 1, Құрманғазы ауданында 9 адамнан Сovid-19 анықталды. Оның ішінде 16 науқаста коронавирус симптомды түрде өтуде» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметін.

Өткен тәулікте 168 адам қауіпті індеттен сауығып шыққаны белгілі болды. Ал үй жағдайында 317 адам үй жағдайында емделуді жалғастыруда.

Облыстық инфекциялық стационарда - 95, аудандардағы стационарларда - 26, Теңіз кенішіндегі стационарда 790 адам емделіп жатыр.

Еске сала кетелік, Атырау облысында коронавирустан 1300-ге жуық науқас емделіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар