Атырауда теңіз инспекторы параны ақшамен және бекіремен алып келген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында шенеунік жүйелі түрде пара алғандығы үшін күдіктелуде, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин хабарлады. 

Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы теңіз бөлімінің басшысы парақорлықта әшкереленді.

«Ол жеке тұлғадан жалпы қамқорлығы және бекіре тұқымдастары балықтарын заңсыз аулауға теңізге кедергісіз шығу үшін жүйелі түрде 400 мың теңге пара және бекіре балығын алғандығы үшін күдіктелуде», - делінген хабарламада.

Ақшаны ол арада делдал болған өзінің жүргізушісі арқылы алып отырған.

«Қазіргі уақытта бөлім басшысы және оның жүргізушісі өз кінәсін толық мойындады, тергеуге көмек беруде және кінәні мойындау бойынша келісім жасау туралы өтініш жасауына байланысты аталған тұлғаларға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ», - деді Нұрлан Жахин.

Соңғы жаңалықтар