Атырауда тек бір күнде 1,8 млн теңге айыппұл төлемеген 7 жүргізуші ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір күннің ішінде 1 млн 850 мың теңге айыппұлын төлемеген 7 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 27 қазан-5

қараша аралығында «Шетел автокөліктері» жедел профилактикалық іс-шарасы өткен.

«Аталған іс-шараның бір күнінде жедел басқару орталығының қызметкерлері «Сергек»

камераларының көмегімен айыппұлын төлемеген 7 жүргізушіні анықтады. Олардың

төленбеген айыппұлының мөлшері 1 млн 850 мың теңгені құрады», -деп хабарлады

департаменттің баспасөз қызметі.

Айыппұлын төлемей жүрген жүргізушілер басқарған көліктің 1-уі Армения Республикасынан, 1-уі Қырғызстан Республикасынан, 5-уі Ресей Федерациясынан әкелінген. Екі жүргізуші 377 мың теңге айыппұлды ұсталған бойда төлеген. Ал, 5 жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, көліктері арнаулы тұраққа қойылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 24 жастағы жігіт біреудің көлігін айдап кеткенін жазған едік.



Соңғы жаңалықтар