Атырауда театр тарландарына қойылған композиция ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдына өнер тарландары Сабира Майқанова, Нұрмұхан Жантөрин, Хадиша Бөкеева және Асанәлі Әшімовке арналған композиция ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараға театр және кино актері, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов және өзге зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Бұл – сәулет өнерінің үлгісі ғана емес, мәдениет пен өнерге, оның өкілдеріне, аға ұрпаққа көрсетілген құрмет. Кез-келген ел үшін руханияттың орны бөлек. Өскелең ұрпақты өнер иелерін құрметтеуге үндейтін туынды» - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.


Композициялық ескерткіштің лентасын КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен ақын, Махамбет және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтардың лауреаты Светқали Нұржан қиды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда театр тарландарына арналған композиция қойылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар