Атырауда тазартылған қант шығаратын зауыт ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында тазартылған қант шығаратын цех жұмыс істей бастады.

Бұл туралы Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.

Мәлім етілгендей, цехті ашу үшін "Группа компаний Береке" кәсіпорны мемлекеттен 43 миллион теңге субсидия алған. Айта кетейік, мұндай зауыт Атырау облысында алғаш іске қосылып отыр.

- Істі бастамас бұрын көп ойландық, алды-артамызға қарап, нарықты зерттеп көрдік, - дейді кәсіпорын басшысы Әсет Тұяқбаев. - Себебі, бұл оңай шаруа емес, аймақта дәл мұндай зауыт бұрын болмаған. Жұмысты бастауға бел буып, мемлекеттен көмек сұрадық. Субсидияны "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасымен алдық. Сонымен қатар, "Даму" қоры 21 миллион 500 мың теңгеге кепілдік берді.

Қазір цехта 4 адам жұмыс істеп жатыр. Өнім көлемін көбейту жоспарда бар. Кәсіпкердің айтуынша, болашақта қант қызылшасын өңдеуді қолға алу жоспарлануда.

 Айта кетелік, 2016 жылы Атырау облысында "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыру үшін 2,5 миллиард теңге бөлініп, 118 жобаға қолдау көрсетілді. Нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар