Атырауда талапқа сай келмейтін азық-түлік өнімдері анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда көптеген микробиологиялық көрсеткіштер мен азық-түлік өнімдерінің белгілерінен заң бұзу әрекеттері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2224 азық-түлік үлгісіне жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптау шараларының 707-сі Кедендік Одақтың техникалық регламенттері мен бірыңғай сантиарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сай болмай шықты. Азық-түліктен алынған 1563 үлгінің 26 пайызы заңға сәйкес емес. Тиісті талаптарға сай келмейтін азық-түлік өнімдерінің 86 пайызы Қазақстанды қоса алғанда Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің өнімдері, 4 пайызы алыс шем мемлекеттерге тиесілі. Микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмейтін 56 азық-түлік өнімінің үлгісі анықталды»,-деп хабарлайды облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаменті жетекшісінің орынбасары Амантай Жұмағалиев.

Оның айтуынша, заңбұзушылықтар бірінші кезекте тауардың белгісіне байланысты туындауда. Бұл көрсеткіш қазір 88 пайызды құрап отыр. Яғни онда азық-түлік өнімінің атауы мен оны дайындаушы, дайындайтын орынның мекенжайы мен тұтынуға болатын мерзім, өнімнің құрамы мен оны сақтау туралы мәліметтер жоқ. Тексеру нәтижелері бойынша, 37 әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде іс қозғалып, кінәлілерге 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар