+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырауда тағы он адам 200 мың теңгенің ақшалай ұтысына ие болды

2021 жылғы 22 шілде 06:38
Бөлісіңіз:
Атырауда тағы он адам 200 мың теңгенің ақшалай ұтысына ие болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тағы 10 адам 200 мың теңгенің ұтысына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцинациядан кейін стационарға түскендер саусақпен санарлық - Сәуле Атығаева Елорда тұрғындары вакцинаның қандай түрлерін салғыза алады Коронавирус: Қазақстан ғалымдары ревакцинация мәселесін талқылауда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл – «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол» атты акцияның екінші кезеңі.

Акцияны облыстық «Азаматтық Альянс» ЗТБ ұйымдастырды.

Оған 10 шілде сағат 8:00-ден 20 шілде сағат 23:59-ға дейін вакцинаның І немесе ІІ компонентін алған 34 301 адам қатысқан.

«Ақшалай ұтыстың жеңімпаздарын анықтау тікелей эфирде тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өтті. Оған тәуелсіз бақылаушы ретінде «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев, «Атырау – адалдық алаңы» өңірлік кеңсесінің менеджері Мирас Қабдолов, «Қоғамдық келісім» қалалық филиалының өкілі Рафик Сарсенов пен журналист Эльмира Тұңғатарова шықырылды», -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акцияның екінші кезеңінің нәтижесінде кездейсоқ сандарды таңдау арқылы 10 адам 200 мың теңгелік сертификаттың иесі атанды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда вакцина алған он адам 200 мың теңгенің сертификатын ұтып алған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT