Атырауда тағы да Жайық жағалауы өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында тағы да Жайық өзенінің жағалауы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Тұрғын үй» қалашығында Жайық жағалауында өскен тоғай мен қамыс қопалары жанған. Бұған ауа райының тым ыстық болуы әсер еткен.

Жағалаудағы жалынды сөндіруге 6 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайық өзенінің жағалауы өртенген болатын.


Соңғы жаңалықтар