Атырауда тағы да 10-нан астам жеңіл жүрісті бойжеткен есепке алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жеңіл жүрісті 10-нан астам бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 19-24 қыркүйек аралығында «Стоп-траффик» іс-шарасы өтіп жатыр.

«Полиция қызметкерлері іс-шара кезінде Атырау қаласындағы моншалар мен қонақ үйлерді, ойын-сауық нысандары мен жезөкшелердің притоны болуы мүмкін орындарды тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде 10-нан астам жеңіл жүрісті қыз есепке алынды. Олардың басым көпшілігі ғаламтордағы​ сайт арқылы жыныстық қызмет көрсетіп келген. Ал, қонақ үйлердің бірінің саунасында жезөкшелікпен айналысқан 3 бойжеткен ұсталды. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің біріндегі салонда боди-массаж қызметін көрсеткен 3 азаматша анықталып, профилактикалық есепке қойылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ұсталған қыздар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 449-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға өзге қалалардан келген жеңіл жүрісті қыздар ұсталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар