Атырауда тағы бір жолаушылар автобусы жанып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында тағы бір жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда жолаушы тасымалдайтын автобус отқа оранғанын жазған болатынбыз.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 22 қараша күні сағат 17:30-да автобустың өртенгені туралы хабар түскен.

«Атырау қаласының «Жұлдыз» шағын ауданындағы Аюпов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің жанында автобустан өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «Setra» маркалы жолаушылар автобусының толықтай жанып кеткенін анықтады. Жалын сағат 17:54-те ауыздықталып, сағат 17:59-да сөндірілді. Оған департаменттің 6 қызметкері мен 2 көлік жұмылдырылды» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалын көліктегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан тұтанған.


Соңғы жаңалықтар