Атырауда тағы бір жасөспірім суға ағып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында тағы бір жасөспірім суға ағып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2003 жылғы туылған жасөспірімнің денесі кеше сағат 18.45-те  Атырау қаласындағы Курилкин кентіндегі  Жайық өзенінен табылды. Іздеу жұмыстарына Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 6 қызметкері мен арнайы техникасы, қайықтар жұмылдырылды. Жасөспірім суға түсуге тыйым салынған жерде батып кеткен», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, Атырау облысында өткен сейсенбі күні бірден екі адам - 8 жасар бала мен 15 жастағы жасөспірім суға кеткен болатын. 22 маусым күні Ақжайық ауылындағы жасөспірімнің денесі табылды. Талдыкөл кентіндегі 8 жасар баланың денесі әлі табылмады. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар