Атырауда табылған жарылғыш заттың әскери қару екені анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда сәрсенбі күні «Контейнерлік» ықшамауданында табылған жарылғыш заттың әскери қару екендігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше табылған жарылғыш құрылғы әскери жаттығу полигонында жойылды. Қазіргі уақытта шағынаудан тұрғындары үшін қауіп жоқ. Сондай-ақ, полиция бөлімшесі жарылғыш заттың қалай пайда болғанын анықтап жатыр», - деп хабарлады Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Әлеуметтік желілердегі куәгерлердің айтуынша, ол ғимарат салынған құрылыс құмдарынан табылған. Осыдан кейін құмды әкелген жер иесі полицияға хабарлаған. 

Көрнекі фотосурет: rostovgazeta.ru

Соңғы жаңалықтар