+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Атырауда табиғат пайдаланушылардан өндірілген айыппұл 224 млн теңгені құрады

2020 жылғы 31 қазан 11:02
Бөлісіңіз:
Атырауда табиғат пайдаланушылардан өндірілген айыппұл 224 млн теңгені құрады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында биылғы 9 айда табиғат пайдаланушылардан өндірілген айыппұл 224 млн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда кесілген ағаштар: Sulpak компаниясы мәлімдеме жасады Атырауда 2,6 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды ШҚО-да экологиялық мәселелерді шешудің жол картасы таныстырылды

Облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары – бас мемлекеттік экологиялық инспектор Сырым Тілегеновтің айтуынша, биылғы 9 айда табиғат пайдаланушыларға 46 мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізілген. Оның ішінде 11 профилактикалық бақылау, 35 жоспардан тыс тексеру бар.

«Тексеру нәтижесінде 130 заңбұзушылық анықталып, оны жою туралы 85 ұйғарым берілді. Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты 88 миллион 422 мың теңгені құрайтын 54 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдың 88 миллион 299 мың теңгесі өндірілді», -деді Сырым Тілегенов.

Сондай-ақ, оның мәліметінше, былтыр салынған 136 миллион 339 мың теңгені құрайтын 5 әкімшілік айыппұл өндірілген. Осылайша, биылғы 9 айда мемлекет пайдасына өндірілген 224 миллион 638 мың теңгені құрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT