Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы түсіндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасытүсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында

2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының

жобасы талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басқарма басшысының орынбасары Ғибат Кукатов Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлттық жоспарына сәйкес жасақталған тұжырымдама жобасының негізгі бағыттары туралы түсінік берді.

«Концепцияда сыбайлас жемқорлық мәселесі жан-жақты зерделеніп, 6 міндет топтамасы

қаралған. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру; жемқорлық

мүмкіндіктерін барынша азайту; жауапкершіліктен бұлтара алмауды қамтамасыз ету;

азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлықпен күреске одан әрі кеңінен тарту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингілеу; жемқорлыққа қарсы қимыл жасайтын өкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру. Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

профилактикалық сипатқа ие болып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

Біздің қызметіміздің акценті жүйелі проблемаларды шешуге ауысып, парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп отыр», -дейді Ғибат Кукатов.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов көтерілген мәселенің маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдарға антикоррупциялық саясат концепциясының жобасын мұқият зерттеп, ұсыныстар енгізу қажеттігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-

қимылдарды тұрақты түрде іске асыруды тапсырды. Ал, кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар берді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 6 млн теңгені жымқырған мектеп директоры

сотталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар