Атырауда сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 5 адамға сыйақы берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған 5 адамға қаржылай сыйақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат бергені үшін немесе өзге де түрде көрсетілген жәрдем үшін қаржылық ынталандыру мөлшерін ұлғайтқан. Мәселен, агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы бірінші тоқсанда жергілікті 5 азаматқа 700 мың теңгеден астам қаржылай сыйақы берілген.

Сондай-ақ, құқық қорғау органының 1 қызметкеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын ашуға көмектескені үшін алғыс жарияланған.

«Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталып отыр»6 -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар