Атырауда сүрілген коттедж иесіне 91 млн теңге өтемақы берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында сүрілген коттедж иесіне 91 миллион теңге өтемақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

«Атырау қаласының ескі бөлігіндегі үйлерді сүру жұмыстары 2017 жылы басталды. Бұл 2029 жылға дейін 12 кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде (2017 ж. қараша - 2019 ж. тамыз) Пушкин, Жангелдин, Байтұрсынов, Тайманов және Гагарин көшелерінің 18,1 га алаңында 262 үй бұзылуы тиіс. Ал, екінші кезеңде Исенов, Бейбарыс, Нысанбаев, Жансүгіров, Молдағұлова, Гагарин, Пушкин және Ырыс көшелерінде орналасқан, жалпы ауданы 17,6 га аумақтағы 300-ден астам үй мен өзге де нысандар сүріледі» -деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сүрілген үйлердің иелеріне өтемақы төленіп жатыр. Соның ішінде 0,054 га жер телімінде орналасқан 587 шаршы метрлік коттеджі бар тұрғынға 91 миллион теңге өтемақы берілді.


Соңғы жаңалықтар