Атырауда супермаркеттерден 12 рет виски ұрлаған жігіт ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында супермаркеттерден 12 рет виски ұрлаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ұрлық 2 қараша күні сағат 21:00 шамасында болған.

«Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданында орналасқан супермаркеттен күдіктінің виски ішімдігін ұрлаған сәті видеоға түскен. Бейнебақылау камерасын тексеру кезінде виски ұрлаған күдіктінің Атырау қаласында тұратын 1988 жылғы ер адам екені анықталды. Оның бұған дейін бірнеше супермаркеттен 11 рет виски ішімдігін ұрлағаны белгілі болды» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабының 2-бөлігімен (Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда зейнеткердің пәтерінен ақша салынғанын сөмкені ұрлаған күдікті ұсталғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар