Атырауда супермаркетте шу шығарған тұрғын 20 күнге қамалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласындағы супермаркетте бұзақылық әрекет жасаған тұрғын 20 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның касса жанында ілулі тұрған витринаға шығып алғаны көрінеді. Бұзақы витринаны қозғап, тіпті «милиция» шақыруды талап еткен.

«Бұл оқиға «Авангард» шағынауданындағы супермаркетте болған. Атырау қаласының тұрғыны сауда орнына мас күйінде келген. Мұнда мас адам сатушылармен ұрсысып қалған» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске сай жауапкершілікке тартылды. Сот оған 20 күнге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қолданды.



Соңғы жаңалықтар