Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті пайдалануға берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау қаласында 1 500 адамға шақталған Сұлтан Бейбарыс мешіті салтанатты жағдайда ашылды. Құрбан айт мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген мешітті жұртшылыққа жергілікті кәсіпкер Ерекешовтер әулеті сыйға тартты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметінің xабарлауынша, соғыс, еңбек ардаргерлері, қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым өкілдері және жергілікті жамағат қатысқан салтанатты шара Құранмен басталды. Жергілікті  жұртшылықты құттықтаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Мансұров құлшылық орны руханияттың ордасына айналарына сенім білдірді.

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің хадисінде «Кімде кім Алланың дидарын қалап, мешіт тұрғызса, Алла Тағала оған жәннатта дәл осындай үй тұрғызады» деп сүйіншілеген болатын. Асылында, мешіт - тәрбие ошағы. Мешіт - адамның рухани иммунитетін көтеретін, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиятын, ізгілікті насихаттайтын киелі орда. Мешіт тарихымызда ерекше орны бар тұлға Сұлтан Бейбарыс бабамыздың есімімен аталды. Бұл да болса ұрпақтар сабақтастығының көрінісі», - деп атап өткен Бас имам атыраулықтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың сәлемін жеткізді. Және жергілікті жұртшылыққа жаңа мешіттің Бас имамы Ержан Қағазғалиевты таныстырды.

Мешіттің ашылу салтанатына Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиевтың арнайы қатысты.

«Сұлтан Бейбарыс мешіті Атырау қаласындағы жетінші мешіт болып отыр. Бұл Атырау жұртшылығы ғана емес, барша мұсылман қауымға жасалып отырған ерекше жағдай. Елімізде дінді өркендетуге барлық мүмкіндік жасалуда», - деді Хайролла Көшқалиев.

Салтанатты жағдайда пайдалануға берілген мешіттің лентасын қию құрметі Атырау қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекеш пен ҰОС ардагері Орынғали Қарасаевқа ұсынылды.

Атырау қаласының Азия беткейінен ашылған Сұлтан Бейбарыс мешіті жанынан мұнара тұрғызылып, күмбездер орнатылатын болады. Қос қабатты ғимараттың сыйымдылығы. Ғибадат үйінде Құран оқитын бөлме, ерлер және әйелдер залы, мешіт мамандарының қызметтік бөлмелері бар.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда қалалық Құспан молла мешіті қайта жаңғыртылып, күрделі жөндеуден соң пайдалануға берілген болатын.  

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар