Атырауда суға кеткен жігіттің денесі үш күннен соң табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен жігіттің денесі үш күннен соң табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күн бұрын суға кеткен жігіттің денесі бүгін, 16 маусымда сағат 07:15-те табылған.

Бұдан бұрын 27 жастағы жігіт 13 маусымда Жайық өзенінің Геолог кенті тұсындағы жағалауында достарымен демалған. Алайда, арнайы жабдықталмаған жерде шомылып, суға кеткен. Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері оны үш күн бойы іздеген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа батып кеткен жігіттің табылмай жатқанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар