Атырауда суға кеткен 41 жастағы ер адамның денесі табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Қиғаш өзеніне суға кеткен 41 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 15 шілдеде сағат 21:56-да болған.

«Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде қайық аударылып, 1979 жылы туған ер адам суға кеткен. Ол Бірлік ауылдық округі аумағындағы Ягодкин учаскесінің тұсында Қиғаш өзенін қайықпен кесіп өтпекші болған. Оны іздеу кеше, 16 шілдеде сағат 06:30-да басталған еді. Іздестіру жұмысына жұмылдырылған жедел құтқару жасағының 4 қызметкері 41 жастағы ер адамның денесін 16 шілдеде сағат 18:02-де тапты», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға кеткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар