Атырауда суға батқан балықшының денесі табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында екі күн ішінде екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бірінші жағдайда 34 жастағы ер адамның мәйітін ауыл тұрғындары тауып алған.

«Қайғылы оқиға кеше сағат 18.35-те Қызылқоға ауданы, Миялы ауылындағы Ойыл өзенінде болған. 1984 жылғы ер азамат шомылуға тыйым салынған жерде суға батып кеткен. Жергілікті тұрғындар жас жігіттің мәйітін өзеннен тапты. Тұрғындардың айтуынша, марқұм мас болған. Тұрғындар сағат 19.00-де мәйітті судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Екінші адамның мәйіті Атырау қаласындағы «Ретро парк» маңындағы Жайық өзенінен табылды. Оны тауып, жағаға шығарған Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары. Суға батқан ер адам балық аулау кезінде батып кеткен.

«46 жастағы ер адамның мәйіті 11 шілде күні сағат 10.35-де «Ретро парк» маңында табылды. Балықшы  9 шілде күні екі күн бұрын суға батып кеткен.  Балықшының денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен. 

 

Соңғы жаңалықтар