Атырауда студенттердің «Біз жанбасақ...» республикалық айтысы өтті

2022 жылғы 19 наурыз, 19:00
Атырауда студенттердің «Біз жанбасақ...» республикалық айтысы өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында студенттердің «Біз жанбасақ...» республикалық айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Студенттердің айтысы академик Зейнолла Қабдоловтың 95 жылдығына арналды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ұйымдастырған айтысқа еліміздің жоғары оқу орындарынан 16 студент қатысты.

Айтыстың бас жүлдесіне Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Батыржан Кәдірбай лайық деп танылды. Бірінші жүлдені Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Райымбек Өтепов иеленді. Екінші жүлдеге Қарағанды техникалық университетінің студенті Бекарыс Оспанов ие болды. Үшінші орынды Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университетінің студенті Бимырза Әбілқайыр мен Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық университеттің студенті Сағыныш Смет еншіледі.

photo

Сондай-ақ, қазақ ұлттық өнері – айтысқа бет бұрған студенттерге 6 арнайы жүлде берілді. Мәселен, Исатай ауданының әкімдігі Насихат Сүгірұлы мен Нұралы Әжіғалиев, Қызылқоға ауданының әкімдігі Кәдірбай Жолаев пен Мақсот Саркенжеев атындағы арнайы қаржылай сыйлық ұсынды. Ал, жылыойлық өнер жанашырлары Салауат Исақаев атындағы жүлдеге демеушілік жасады.

photo

photo

photo


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar