Атырауда студенттер жатақханасынан өрт шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы студенттер жатақханасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне тиесілі Студенттер көшесіндегі 4 қабатты ғимараттың бірінші қабатында болған.

Көмек келгенге дейін ғимараттың 1 және 2 қабатынан - 36 адам, оның ішінде 8 бала өз бетінше эвакуацияланған.

Қазіргі уақытта жатақханада студенттер жоқ.

«Мұнда оқытушылар құрамының 21 отбасы тұрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың ықтимал себебі – тасымалды ұзартқыштың қысқа тұйықталуы» деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 6 автотехникасы мен 20 қызметкері шықты.


Соңғы жаңалықтар