Атырауда стационарлы полиция бекеті ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырауда стационарлы полиция бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов бұл бекеттер арқылы полиция учаскелік инспекторлары тәулік бойына өздеріне бекітілген аумақтарда халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, полицияның халыққа қажет жағдайда дереу көмекке келуіне, құқықбұзушылықтардың барлық түріне жедел әрекет етуіне жол ашылады деген сенімін білдірді.

«Кез келген аймақтың даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің деңгейімен және азаматтардың құқығын қамтамасыз етуімен анықталады. Жергілікті әкімдік тарапынан бұл бағыттағы ел Президентінің тапсырмасы толықтай орындалып жатыр және құқық қорғау органдарының мәртебесін арттыру бағытында біраз шаруа атқарылуда. Бүгінгі көрсетілген қолдау олардың халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адал орындауларына оң әсерін тигізеді деген сенімдемін», - дейді Серік Шапкенов.


Облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтың айтуынша, жоба аясында осындай стационарлы полиция бекеттері ашық, халыққа көрінетін және ыңғайлы орындарда, еркін түрде кіруге мүмкіндік беретін, халық пен полиция қызметкерлерінің қауіпсіздік талаптарына сай жерлерде орнатылатын болады.

«Жоба жергілікті атқарушы және прокуратура органдарымен бірлесіп әзірленген. Бекет қылмыстылық картасымен, заманға сай жабдықтармен, компьютермен және ҚР ІІМ-нің арнайы базасымен қамтамасыз етіледі. Болашақта осы бекеттер тәулік бойына жұмыс істеп, қылмыстық жағдайды оғалтуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ кез келген құқық бұзушылыққа жедел әрекет етіп, облыс орталығындағы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді», - дейді Атырау қалаасының прокуроры Аршат Тайтуллин.



Соңғы жаңалықтар