Атырауда стационарлардың жансақтау бөлімінде жатқан 84 науқастың жағдайы ауыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімінде коронавирус инфекциясымен жатқан 84 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 012 төсек-орны бар инфекциялық стационарларда қауіпті вирус жұқтырған 1 736 емделіп жатыр.

«Стационарлардағы жүктеме 57,6%-ға жетті. Ал, 114 орынға арналған жансақтау бөлімінде коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдайы нашарлаған 84 науқас оқшауланды. Оның ішінде 8 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Мұндағы жүктеме 73,6%-ды құрап отыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавируспен ауырған 80 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар