Атырауда спутниктің көмегімен тарихи нысандардың картасы жасалды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда спутник көмегімен тарихи нысандар картасы жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ғылым департаментінің директоры Ания Ермағамбетоваға сілтеме жасап.

«Спутниктік навигациялық жүйенің көмегімен барлығы 313 тарихи нысан картаға түсірілді. Олар үңгірлер, қорғандар, мекендер, ескерткіштер сынды тарихи орындар. Мәселен картада Кененбай үңгірі көрсетілген. Бұл табиғи үңгір», - дейді Х.Досмұхаметов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ғылым департаментінің директоры.

Оның айтуынша, Атырау облысында мұндай үңгірлердің бесеуі бар.

«Кененбай үңірінен басқа біздің жақта Құдық, Иманғара, Індер, Ақ кегершін үңгірлері бар. Олар әлі аяғына дейін зерттеліп болған жоқ. Кеңес уақытында оларды табиғат жерасты кеңістігімен айналысатын спелеолог-мамандар зерттеді. Ақ кегершін, Иманғараны 90-ыншы жылдардың басында-ақ зерттей бастады. Онда адамдар мекен етуі мүмкін. Бізге бастысы осы ескерткіштерді зерттеп, ондағы алғашқы қауымның іздерін, еңбек еткен құралдарын табу керек», - дейді Ания Ермағамбетова.

Соңғы жаңалықтар