Атырауда «Спорт Covid-19 инфекциясына қарсы» жүгіру акциясы өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырауда «Спорт Covid-19 инфекциясына қарсы» жүгіру акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жүгіру акциясына Атырау қаласының 100-ден астам тұрғыны қатысқан.

«Бүгінгі акцияны өткізудегі мақсат – бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап, тұрғындардың денсаулығын жақсартуы мен белсенділігін қалыптастыруына ықпал ету. Жүгіру акциясы Қ.Смағұлов алаңынан басталып, «Атырау» спорт кешеніне дейін жалғасты. Мәреге ерлер арасынан Марат Оразалиев бірінші жетті. Ал, Қанат Сейілхан мен Нұрмахан Әлиев екінші және үшінші орындарды бөлісті. Әйелдер арасында Рысжан Ибатова жеңімпаз атанды. Замира Ғабдол екінші, Нұрсұлу Жұмабаева үшінші жүлдеге ие болды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ардагер боксшы Адик Бермешов «Ең ересек қатысушы», ал, Айбек Демегенов «Ең жас қатысушы» жүлдесімен марапатталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы тұрғындарының 36 пайызы спортпен шұғылданатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар