Атырауда сотталушы рақымшылықтан бас тартты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда тонау қылмысы үшін сотталған адам рақымшылықтан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облысының Исатай аудандық соты Аудандық пробациялық қызметінің Е. Қанатовтың өтелмеген жаза мерзімін ҚР «Рақымшылық туралы» заңы бойынша қысқарту туралы ұсынымын қарады. Бұған дейін сот үкімімен Қанатов тонау қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығын айыру жазасы берілген. Жаза мерзімінің аяқталуына 5 ай қалды. Сот отырысында Қанатов рақымшылыққа ілігуден бас тартты. Сотталушының өтініші назарға алынып, сот қаулысымен пробациялық қызметтің рақымшылық туралы ұсынымы қанағаттандырылмады», - деп хабарлайды Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар