Атырауда сот жеке кәсіпкердің құқығын қорғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Жылыой ауданы әкімі аппараты» ММ-нің жеке кәсіпкер «Тимур и А» Л.Уалиеваға мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және айыппұл сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қою талабының негіздемесі ретінде жауапкер тауарды жеткізуге міндеттелгенін, алайда өз міндеттерін  уақытында орындамағанын көрсетті.

Іс құжаттарына сәйкес, тауардың мерзімінен кеш жеткізілгендігі анықталды.

Сот отырысында жеткізілген тауар тиісті сапада, келтірілген талаптарға сәйкес келетінін, сонымен қатар, тауардың кеш жеткізілуі талап қоюшыға жауапкер тарапынан жағымсыз салдар туғызбағандығын және тауарды кеш жеткізгендігі үшін жауапкермен айыппұл сомасы төленгендігі анықталды.

Сәйкесінше, «Жылыой ауданы әкімі аппараты» ММ-нің талап арызы қанағаттандырылудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар