Атырауда сот мүгедектің меншік құқығын қорғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау  қалалық сотында талап қоюшы Б.-ның «Атырау қалалық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қатысты тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талапы арызына сәйкес азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарынан оның ауру салдарынан 3-топтағы мүгедек болып, бұл үйде туылғаннан бері анасымен бірге тұрғаны, басқа жақын туыстарының жоқтығы, су тасқыны кезінде оның ата-анасы тұрғызған үйдің құлағаны, ауылдық округ әкімінің қолдауымен ескі үйдің орнына жаңа үй тұрғызылғаны, алайда талап қоюшы жер учаскесі оның қайтыс болған анасының атына тіркелмегендіктен және жер актісі берілмегендіктен, жаңа үйді өз атына тіркей алмағаны анықталды.

Әкімдік аппаратының қызметкерлері мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері сотта жаңадан салынған үйді жер учаскесімен талап қоюшы жеке меншігі деп тануға қарсы болмаған.

Сот шешімімен мүгедектің талабы қанағаттандырылып, оның үй салуға меншік құқығы танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар