Атырауда соңғы екі жылда алғаш рет үшем дүниеге келді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үшем дүниеге келді. Бұл – соңғы екі жылда өмірге келген алғашқы үшем, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 22 жастағы Аянгүл Сәбитова үшемді дүниеге әкелген.

8 қыркүйек - Отбасы күні қарсаңында жарық дүние есіген ашқан нәрестелердің үшеуі де ұл. Сәбилердің екеуінің салмағы – 1 келі 800 грамм, үшіншісі – 2 келі 200 грамм.

«Қазір жас ананың да, нәрестелердің де жағдайы жақсы. Үшем анасының қасына шығарылды. Жас анаға нәрестелерді күтіп-бағуға, ем-дом жасауға арнайы медбикелер бөлінді. Сәбилер перзентхана дәрігерлерінің бақылауында алынған. Әзірге үйге қашан шығатыны белгісіз», -деді перинаталды орталықтың шала туған нәрестелер патологиясы, II кезең күтім бөлімшесінің меңгерушісі Түрлен Бегеева.

Жас анаға жүктіліктің 34-аптасында кесарь тілігі арқылы ота жасалған.

Шұғыл отаға орталық директорының орынбасары, білікті акушер-гинеколог дәрігер Асқар Кенжеғалиев жетекшілік еткен.

Атырау облысында жыл басынан бергі сегіз айда 11 333 сәби дүниеге келген.

Оның ішінде 114 егіз бар. Былтырғы осы кезеңде 109 егіз жарық дүние есігін ашқан. Ал, үшем биыл алғаш рет тіркелген.


Соңғы жаңалықтар