Атырауда соңғы анықталған 4 адам вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 4 адам вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

«Ауру жұқтыруға қатысты 4 жағдай Атырау облысынан тіркелді.Оның ішінде Атырау қаласында -3, Жылыой ауданы-1. Олардың барлығы вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған. Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде», делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 7 сәуірдегі мәлімет бойынша аймақта COVID-19 коронавирус инфекцисына шалдыққан 36 адам анықталды.


Соңғы жаңалықтар