Атырауда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында екінші дүниежүзілік соғыстың 8 ардагері бар. Оның жетеуі Атырау қаласында, біреуі Жылыой ауданында тұрады. Сондай-ақ, конлагердің тұтқынында болған адам бар.

«Олар 1 миллион теңге көлемінде бір ерттік төлем алады. 9 мамырға орай берілетін бір реттік төлемақы сонымен бірге, соғысы ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және өзге де санаттағы азаматтарға беріледі» - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.​

Ал, наградасы бар 62 тыл еңбеккеріне 100 мың теңгеден, мемлекеттік наградасы жоқ 2212 тыл еңбеккеріне 30 мың теңгеден бір реттік төлем беру жоспарланған. Атырау облысында бір реттік төлемді 2283 адам алады. Бір реттік төлемнің жалпы сомасы 51 млн 297 мың теңгені құрап отыр.​


Соңғы жаңалықтар