+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Атырауда скейт-парк қалпына келтірілді

2020 жылғы 26 қазан 13:40
Бөлісіңіз:
Атырауда скейт-парк қалпына келтірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында скейт-парк қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 100-ге жуық жалғызбасты зейнеткердің үйін жөндеуге көмек берілген Мақтаарал ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде Түркістанды түлетуге Шардара мен Жетісай ауданының азаматтары да атсалысуда

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде былтыр кәсіпкердің жеке қаржысына салынған скейт-парктің бүлінгені туралы видео жарияланған еді.

«Атырау қалалық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Тұрғын үй қалашығындағы скейт-парк қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстарына спорт қауымдастықтарының өкілдері мен белсенді тұрғындар қатарынан 30-ға жуық адам қатысты. Сенбілікке жиналған азаматтар алдымен скейт-парк аумағын, оның маңындағы алаңқайды тұрмыстық қалдықтар мен арам шөптен тазартты. Сондай-ақ, скейт-парк алаңында монтаждау-жөндеу, сырлау жұмыстары жүргізілді» - деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Енді Атырау қалалық әкімдігі тұрғындардың өтінішін ескеріп, алдағы уақытта скейт-паркті күтіп ұстауды ұйымдастыру жолын қарастыруда.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жастар саябағы ашылған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT