Атырауда шомылу маусымы ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда аптап ыстық басталғандықтан Орал өзенінде шомылу маусымы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әдетте, атыраулықтар үшін шомылу маусымы маусым айында басталады. Алайда биыл ауа температурасының 35 градусқа дейін көтерілуіне байланыста өзен суы да жылыды. Бұл маусымның ертерек басталуына мүмкіндік ашты.

«Өткен жылы 21 адам суға кетті. Биыл маусым басталмай жатып облыста 4 адам судың құрбаны болды. Олардың барлығы балалар. Суға ағып бара жатқан 10 адам құтқарылды. Ата-ананың бақылауынсыз қалған балалар рұқсат етілмеген жерлерге барып жүзеді. Салдарынан осындай оқиғалар жиі тіркеледі. Ал ересек адамдар көбіне суға мас күйінде түсіп, мерт болады» - деді Батыс өңірлік жедел-құтқару жасағының басшысы Ербол Бірәлиев.

Биыл Атырау облысы су қоймаларына құтқарушылар қауіпті ескертетін жүздеген белгілерді қойып, алдын ала дайындықты бастап кеткен. 

Соңғы жаңалықтар