Атырауда шетелдік жүк көлігі толықтай жанып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында жол бойында шетелдік көлігі жүк толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқиға «Доссор-Құлсары» бағытындағы күре жолдың 45-шақырымында болған. Беларусь Республикасынан Ақтау қаласына бағыт алған шетелдік «MAN» көлігінде тауық еті тиелген.

«Кезекші бөліміне өрт туралы хабар 26 мамырда күндізгі сағат 15:00 шамасында түсті. Арнайы өрт сөндіру көлігі мен өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жүк көлігі лапылдап жанып жатқан. Өрт сағат 16:38-де ауыздақталды. Ал, сағат 17:27-де толықтай сөндірілді», -деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен жазым болғандар жоқ.


Соңғы жаңалықтар