Атырауда шетелдік жүк көлігі өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында шетелдік жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін, 1 шілдеде сағат 01:43-те болған.

«Департаменттің диспетчерлік қызмет пультіне Махамбет ауданындағы Тандай ауылынан 6 шақырым жерде автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде «Renault Magnum 440» маркалы фураның кабинасы мен қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатты. Өртті сөндіруге авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 02:43-те толығымен жойылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі анықталуда.


Соңғы жаңалықтар