Атырауда шетелдік нөмірі бар көліктерді мамандандырылған ХҚО-дан шықпай рәсімдеуге болады

None
None
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Атырауда шетелдік нөмірі бар көлікті иелеріне мамандандырылған ХҚО-дан шықпай-ақ рәсімдеуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең Атырау облысының тұрғындары шетелдік нөмірі бар көліктерді есепке қою бойынша кеңес алу үшін мамандандырылған ХҚО-ларға барып жатыр. Мамандандырылған ХҚО-да көлік иелеріне ыңғайлы болу үшін өңірлік ПД процессингтік орталық өкілдері, Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кезекшілік етуде», - деді Атырау облыстық ПД процессингтік орталығының бастығы Сапи Жанғазиев.

Оның айтуынша, шетелдік нөмірі бар көлік иелері ешқандай мәлімет білмейді.

«Армениядан 2019 жылғы Toyota Camry көлігін алып келген жүргізуші келді. Ол машинасының алғашқы төлемі миллион теңге емес, 663 теңге болғанына қатты таңғалды. Мұндай төлем көлігінің шыққанына 2 жыл толмағандарға ғана жүреді. Мамандандырылған ХҚО-дан тек кеңес алып қана қоймай, банктердің бірінің бөлімшесі арқылы төлем жүргізуге болады», - деді Сапи Жанғазиев.

Автор: А. Соколов


Соңғы жаңалықтар