Атырауда шетелдік компания мектеп оқушыларына 1200 компьютер сыйлайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда #Bizbirgemiz қайырымдылық акциясы аясында NCOC компаниясы мектеп оқушыларына 1200 компьютерді сыйға береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«NCOC компаниясы мемлекеттік органдармен келісе отырып, оқушылардың онлайн режимінде білім алуы үшін артық компьютерлерді табыстау арқылы білім беру мекемелеріне қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. 10 сәуірде NCOC өңірдегі мектептердің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен алғашқы 100 компьютерді табыстады. Компьютерлер Атырау облысының білім беру басқармасына мектептерге тарату үшін жеткізілді. Кейін олар жағдайы төмен отбасылардың балаларына жіберіледі» -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, таяуда NCOC компаниясы шамамен 1200 компьютерді сыйға тартуды көздеп отыр.



Соңғы жаңалықтар