+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Атырауда шетелдік компания коронавируспен күреске 1,3 млрд теңге бөлді

2020 жылғы 27 наурыз 14:49
Бөлісіңіз:
Атырауда шетелдік компания коронавируспен күреске 1,3 млрд теңге бөлді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны коронавируспен күрес шараларына 1,3 млрд теңге бөлді. Бұл туралы компанияның Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда тұрақтандыру қорына қосымша 17 115 тонна ұн сатып алынады Студенттер, медқызметкерлер: Атырау облысында коронавирустың жаңадан 6 жағдайы анықталды Атырауда БАҚ өкілдеріне медициналық маска мен антисептик таратылды

Оның айтуынша, Теңіз кен орнында медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 300 орындық оқшаулау орны дайындалған. Қазір компания қызметкерлері дене қызуы өлшенгеннен кейін ғана жұмыс орнына жіберіледі. Ал, кеңсе қызметкерлерінің 70% қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен. Олардың жалақысы сақталады.

«Компанияның есебінен бөлінген 1,3 миллиард теңгеге медициналық құрылғылар мен жабдықтар сатып алынып, Атырау облысының денсаулық сақтау мекемелеріне беріледі. Қазірдің өзінде құрылғылардың бір бөлігі әкелінді. Қалғаны жақында жеткізіледі. Сондай-ақ, «Теңізшевройлдың» бастамасымен «Атырау-Астрахан» тас жолы бойындағы оқшаулау бекеті жабдықталды», -деді Рзабек Артығалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жолдасбек Көшербайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT