+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырауда шетелдік бойжеткеннің 3 100 долларын ұрлаған күдікті ұсталды

2021 жылғы 15 маусым 15:00
Бөлісіңіз:
Атырауда шетелдік бойжеткеннің 3 100 долларын ұрлаған күдікті ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда шетелдік бойжеткеннің 3 100 долларын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі саудалаушы ұсталды Жамбылда бес күнде 37 қылмыс ашылды Жамбылда малшыға күш қолданып, қойларын алып кеткендер ұсталды

Облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың мәліметінше, Атырауда жыл басынан бері 78 пәтер ұрлығы тіркелген. Бұл – өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 33 пайызға төмен. Атырау қаласында пәтер ұрлығына қатысы бар 15 адам есепке алынған.

«Тұрғындардың жеке мүліктерін ұрлау деректері әсіресе қала аумағында орналасқан пәтерлер мен жеке меншік үйлердің терезесін майыстыру, кілтін үйлестіру немесе есігін бұзып кіру арқылы орын алып отыр. Мәселен, 11 маусымда белгісіз адам Атырау қаласының Владимирский көшесіндегі пәтерлердің біріне заңсыз кіріп, Сьерра-Леоне елінен келген 19 жастағы бойжеткеннің қара түсті сөмкесінен жалпы құны 3 100 АҚШ долларын (1 325 343 теңге) жасырын жымқырып, қашып кеткен. Жедел іздестіру кезінде Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті анықтап, ұстады. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» - дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында пәтер тонаған 8 күдікті ұсталғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT