Атырауда шаңнан тұман қалыптастып, экологтар ауадан сынама алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау экологтары атмосфералық ауадан сынама алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұған бүгін, 9 тамызда шаң тәріздес тұман әсер еткен.

«Бүгін Атырау қаласында шаң тәріздес тұман пайда болды. Осыған байланысты Атырау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сынама жұмыстары Пропарка, Химиктер кенті, қаланың оң жақ бөлігіндегі кәріздік тазарту қондырғысынан алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Атырау облысында табиғатты бүлдіргендерге 189 млн теңге айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.

«Департаменттің мемлекеттік бақылау бөлімінің мамандары жыл басынан бергі 6 айда табиғат қорғау заңдылығының сақталуына 57 тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде экологиялық заңнама талаптарының бұзылуына қатысты 131 дерек анықталды. Табиғатты бүлдіргендерге 189 млн 813 мың теңге 449 теңгенің әкімшілік айыппұлын салу туралы 79 қаулы шығарылды», - деп мәлім етті Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Сырым Тілегенов.

Кейін Атырау мұнай өңдеу зауытына да 5 млн теңге айыппұл төледі.


Соңғы жаңалықтар