Атырауда шаңды дауыл соғып тұр

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырауда шаңды дауыл соғып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының тұрғындарына 112 қызметінен 29 сәуірде ескерту хабарламасы келген еді.

Сонымен қатар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі де ақпарат таратты.

«30 сәуірде Атырау облысының батысында, орталығында және шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау қаласында күндіз солтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-18 метрге жететін жел соғады», - деп сақ болу қажеттігін ескертті.

Бүгін Атырау қаласында қатты жел соғып, шаңды дауыл көтерілді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысын шаңды дауыл басып қалғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар