Атырауда шаңды дауыл соғып тұр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертеңнен бері Атырауда шаңды дауыл соғып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында өкпек жел ұйытқи соғып тұр. Кеше атыраулық тұрғындарға 112-ден: «4 қарашада Атырау облысында желдің ұйытқуы 15-20 метр/секундқа дейін жетеді», деген ескерту келген еді.

Бүгін ұйытқи соққан өкпек желдің екпіні шаңды дауылды көтерді. Дәл қазір Атырау қаласында шаңды дауыл басып тұр.

«Облыс аумағында желдің күшеюі, тұман және жауын-шашын күтіліп отыр. Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен ауа-райының, яғни метеорологиялық жағдайдың өзгеруі көлік жүргізуге әлдеқайда қауіпті болады. Жолда өте мұқият болуды ескертеміз. Жылдамдық режимін, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтаған жөн. Бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алу үшін маңызды» -деп жүргізушілерге ескерту жасады облыстық полиция департаменті.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда шаңды дауыл соғып тұрғанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар