Атырауда «Сергек» камераларымен 41 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Сергек» камераларымен 41 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста белгілі болды. Онда «Сергек» ақпараттық-бағдарламалық кешенінің құқық бұзушылық профилактикасындағы тиімділігі мәселесі қаралды.

«Атырау қаласындағы 51 көше қиылысы мен 153 желілік учаскеде орнатылған 1224 «Сергек» бейнебақылау камерасының көмегімен 41 014 құқық бұзушылық анықталып, 343 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Биылғы жылдың екі айда 15 825 жол жүру ережесін бұзушылық тіркеліп, 33 қылмыс ашылды», - деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.

Оның айтуынша, Ахуалдық орталықта 20 жұмыс орнын ашып, жол таңбаларын сызуға «Термопластик» қосындысын пайдалану қажеттігі туындап отыр. «Сергек» камераларымен анықталған жолда жүру ережесін бұзғандардың арасында шет елдерде тіркелген көліктер, жалған мемлекеттік тіркеу белгісін орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмері белгісінің сандарын, әріптерін өзгерту, жасыру фактілері кездескен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бақылау камерасының көмегімен 186 қылмыс анықталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар