Атырауда «Сергек» камералары 2,5 мыңнан астам құқық бұзу дерегін тіркеді
2020 жылғы 27 қыркүйек 08:45

Атырауда «Сергек» камералары 2,5 мыңнан астам құқық бұзу дерегін тіркеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында «Сергек» видеобақылау жүйесі 2 513 құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 қыркүйекте іске қосылған «Сергек» видеобақылау содан бері 2 513 құқық бұзушылықты тіркелген. Салынған айыппұл сомасы 35 млн 983 мың теңгені құраған. Оның 3 млн 533 мың теңгесі өндірілген.

«Сергек» камералары облыс орталығындағы 153 желілік жол учаскеде, 51 жол қиылысында орнатылды. Оның ішінде 774 бейнебақылау камерасы бар. «Сергек» камералары бұрын орнатылған видеокамералармен біріктірілді. Бұл полицейлерге жолдың жүру бөлігін ғана емес, қалалық аулаларды, сондай-ақ, басқа да қоғамдық орындарды бақылауға мүмкіндік берді. Автокөлік иелері айыппұл туралы хабарламаны «Қазпошта», сондай-ақ SMS-хабарлама арқылы алады» дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Автокөлік иелері жалпы соманың 50% мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге құқы бар.

Айыппұл «Қазпошта» арқылы хабарлама алғаннан кейін 7 тәулік ішінде төленуі керек. Мерзім пошташы хабарламаны берген сәттен бастап есептеледі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда нөмірсіз жүрген 200-ге жуық көлік анықталғанын хабарлап едік.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT