+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Атырауда Saz Perneli Sarayshyk фестиваль-байқауы басталды

2019 жылғы 27 сәуір 19:52
Бөлісіңіз:
Атырауда Saz Perneli Sarayshyk фестиваль-байқауы басталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бүгін шымылдығын ашқан кең ауқымды шараға 12-ден астам өзге ұлт өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік фестивальден өзге Сұлтан Бейбарыс алаңында көрермендер мен фестиваль қонақтары үшін Семей, Атырау, Түркістан және Ақмола облыстарының және жергілікті тарихи мұражайлардың қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда көрермендер қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің құнды жәдігерлерін, домбыралардың түрлерін, сондай-ақ ұлттық әйелдер киімін және XIX және XX ғасырдың басындағы әйелдер киімдерінің үлгілерін көре алады.

Өз сөзінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ халқының мәдениеті мен тарихында домбыраның маңызы зор екенін атап өтті.

« Домбыра - қазақ халқының жүрегі, өмірі, өткені мен бүгіні. Музыка ата-бабаларымыздың өмірінің ажырамас бөлігі болды. Домбыра түркі халықтарының әлемге сыйға тартқан ең ірі өнертабыстарының бірі деп танылып, қазақ халқының ұлттық символына айналды, оның арман-мақсаттары мен даналығын бойына сіңірді. Бұл фестиваль жасөспірімдердің домбыра мен ұлттық өнерді үйренуге қызығушылығын арттырады деп сенемін » , - деді Нұрлан Ноғаев.

null

Гала-концертте көрермендерге театрландырылған қойылымдар, домбырашылардың халық шығармашылығымен жарқын көріністері ұсынылды, сондай-ақ ұлттық киімдер көрсетілді.

Айта кетейік, мұнайлы өлкеде фестиваль-байқау 26-28 сәуір аралығында өтеді.

null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT