Атырауда сайлау учаскесіне 101 жастағы әжей келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында өңірдің ең егде тұрғыны 101 жастағы Балзиба Мәжитова дауыс берді. Кейуана учаскеге туыстарымен бірге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел Президентінің сайлауына бірінші рет қатысып тұрған жоқпын. Жасыма қарамастан сайлау учаскесіне өзім келдім. Қазақстанда ұзақ өмір сүретін адамдар жыл санап көбейе берсін, еліміз дамып, өркендей берсін деген тілектемін», - деді Балзиба әже.null

Атырау облысында дауыс беретіндер тізімінде 409 679 сайлаушы бар.
Сайлау комиссияларының жалпы саны - 271, оның 262-сі учаскелік, 9 аумақтық (облыстық, қалалық және 7 аудандық). Дауыс беру 262 учаскеде жүріп жатыр. 12 сайлау учаскесіне кіру шектелген, оның 9-ы емдеу мекемелерінде, екеуі әскери бөлімшеде, біреуі тергеу изоляторында.

Соңғы жаңалықтар